Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған.
Мереке күндеріне байланысты сенбіде ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 20:00-ге дейін қызмет істейді.
24 қазан күні тек кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні қызмет алушылар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады.
23 және 25 қазан – демалыс күндері. 26 қазаннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.