24 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 407

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2014 жылғы 28 сәуір, Астана, Үкімет Үйі «Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 қаулысына өзгеріс пен толықгырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 667-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмаған балаларды асырап- бағуға алимент ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде: 1-тармақтың 14) тармақшасындағы «қосымшаақыдан жүргізіледі.» деген сөздер «қосымшаақыдан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын: «15) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.»; 2-тармақта: тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) мертіккен жағдайда төленетін бір жолғы өтемақыны, зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшін өтемақы төлемдерін, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай соманы қоспағанда, ақшалай өтемақылардың барлық түрінен;»; тармақшадағы «(стипендиясынан) жүргізіледі.» деген сөздер «(стипендиясынан);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кездегі сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.