Ауа райы • 23 Қазан, 2022

Солтүстікке қар түсті

137 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері 23 қазан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстікке қар түсті

Синоптиктердің болжамынша, Астанада көшпелі бұлт шығып, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашынды ауа райы күтілуде. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14, түнде және таңертең. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 0+2.
Алматыда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз +10+12.
Шымкентте көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 8-13, түнде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз +11+13.
«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстікте – қалың қар, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Қазақстан Республикасының аумағында жел күшейіп, тұман күтіледі.

Ақмолада күндіз -3+2, түнде 0,-5.
Алматыда күндіз +7+12, түнде +5+10.
Жетісу облысында күндіз +9+14, түнде +6+11.
Түркістан облысында күндіз +10+15, түнде +3+8 (оңтүстікте +11).
Батыс Қазақстанда күндіз +2+7 (оңтүстікте +10), түнде 0,-5 (батыста +3).
Атырауда күндіз 8+13, түнде 0,+5 (солтүстікте -3).
Маңғыстауда күндіз +10+15 (солтүстікте +7), түнде +4+9 (орталықта 0).
Ақтөбеде күндіз +4+9, түнде -4+9 (оңтүстікте -1).
Қостанайда күндіз 0,+5, түнде 0,-5 (батыста -8).
Солтүстік Қазақстанда күндіз -2+3, түнде -1-6.
Павлодарда күндіз 0,+5, түнде 0,+5 (солтүстікте -3).
Қарағандыда күндіз -3+2 (оңтүстікте +5), түнде -3+2 (оңтүстікте +5).
Ұлытау облысында +2+7, түнде -2+3.
Шығыс Қазақстанда күндіз және түнде +9+14 (солтүстік-шығыста +1+6).
Абай облысында күндіз және түнде +5+10 (оңтүстікте +15).
Қызылорда облысында күндіз +9+14, түнде 0,+5 (солтүстікте -3).
Жамбыл облысында күндіз +7+12, түнде +5+10.