2014 жылғы 29 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық- экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтері және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі №419 қаулысымен бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтері және техникалық-
экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдері
Р/с
№ Объектінің/ұйымның атауы Тариф шамасы, теңге/кВт сағ. (ҚҚС- сіз) Тарифтің әрекет ету мерзімінің аяқталуы Тарифтің
жыл сайынғы
индекстелуі,
%
1 Алматы облысы Сарқант өзеніндегі Мелис Разбеков атындағы Сарқант ГЭС («Фирма Тамерлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) 11,80 22.07.2021 ж. 4
2 Алматы облысы Лепсі өзеніндегі Антоновск ГЭС («Қайнар-АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) 15,05 01.12.2023 ж. -
3 Алматы облысы Орта тентек өзеніндегі Успеновск ГЭС («Қайнар-АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) 15,11 25.11.2021 ж. -
4 Жамбыл облысы Шу өзенінің Тас-Өткел су қоймасындағы ГЭС («А&Т-Энергия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) 12,5 31.12.2014 ж. -
9,375 15.05.2022 ж.
5 Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Қарақыстақ өзеніндегі ГЭС («ЭнергоСтрой Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) 12,5 16.06.2020 ж. 7
6 Жамбыл облысы Отар елді мекені ауданында КЭС («КазЭкоВатт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) 20,89 28.12.2024 ж. -