Экология • 23 Қазан, 2022

Бакуде Каспидің жағдайы талқыланды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бастаған қазақстандық делегация осы күндері Бакуде өтіп жатқан Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі конференциясының VI сессиясына қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz .

Бакуде Каспидің жағдайы талқыланды

«Каспий өңірі Каспий маңы мемлекеттері үшін маңызды тарихи, экономикалық және мәдени мәнге ие, сондықтан осы бірегей су айдынының экологиялық тепе-теңдігін сақтау біздің елдеріміз үшін маңызды міндет болып табылады», деді С.Брекешев өзінің кіріспе сөзінде.

Ол конференцияға қатысушыларды елдегі теңіздің және оның жағалау бөлігінің ластануын алдын алу, азайту жөніндегі экологиялық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс барысымен, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер операторларын мемлекеттік экологиялық бақылау және Каспий теңізінің қоршаған ортаға әсерін жұмсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру туралы айтты. 

Қазақстанның Экология министрі әріптестерінің назарын Каспийдің заңсыз, реттелмейтін кәсіпшілігімен және су биологиялық ресурстарының заңсыз айналымымен күресті жүзеге асыруда Тараптардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылатын биологиялық ресурстарды заңсыз аулауға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама жобасына аударды.