Лиз Трасстың билікте болғанына небәрі 45 күн болған, бұл Ұлыбритания премьер-министрлері тарихында бұған дейін болмаған ең қысқа уақыт.
Трасс өзінің отставкаға кетуін әлемдік тұрақсыздықпен байланыстырды.
Айта кетейік, премьер-министр бұған дейін өзінің салықтық бастамалары үшін қатты сынға ұшырап, қаржы министрін ауыстырып, жарияланған бюджеттік жоспарларынан бас тартуға мәжбүр болған еді.