24 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 428

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 30 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі Концессиялық жобаларды консультативтік  сүйемелдеу жөніндегі тұлғаны айқындау туралы «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі: 1) республикалық концессиялық жобаларды; 2) егер жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінде өзгеше белгіленбесе, жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға ретінде айқындалсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.