24 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 430

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 30 сәуір,   Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің  күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1). «Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 264-құжат); 2) «Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 1429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 8,10-құжат); 3) «Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 649 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, 693-құжат). 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.