Қазақстан • 24 Қазан, 2022

Шекарадан заңсыз өтпек болған шетел азаматтары ұсталды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстаннан Қазақстанға шекараны заңсыз кесіп өткен төрт шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекарадан заңсыз өтпек болған шетел азаматтары ұсталды

«22 қазанда «Жасөркен» шекара басқармасының учаскесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметкерлері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына дейінгі мемлекеттік шекара ережелерін бұзған төрт шетелдік азаматты ұстады», делінген хабарламада.

ҰҚК хабарлағандай, аталған факті бойынша құзырлы органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.