Қазақстан • 24 Қазан, 2022

Ең үлкен байрақ желбіреді

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы аспанында Республика күні қарсаңында ең үлкен байрақ желбіреді, Әлемдік рекорд орнат­қан кәсіби парашютист Қазақ­стан Республикасының ең үлкен мемлекеттік туымен се­кірді.

Ең үлкен байрақ желбіреді

Байрақтың көлемі 800 шаршы метр болды (салыстыру үшін: Астанадағы бас флагштоктағы байрақтың көлемі – 450 шаршы метр). Ту осы ерекше оқиға үшін арнайы дайындалып, нәти­жесінде, Қазақстанның рекордтар кіта­бына енді. Па­рашютист секірген биіктік 3 000 метрді құ­рады, бұл – тау­дағы ең атақты Шым­бұлақ шипажайы­нан да биік.

«Бүгін біз Алматы аспанында мем­лекеттік байрағымыз түріндегі шынайы суретке куә болдық. Мен осы сәтті көзіммен көріп, елімнің ын­тымағы мен асқақтығының рухын сезіну ба­қытына ие болдым», дейді Қа­зақстан рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Іс-шараны ұйымдастырған кәсіп­кер Жомарт Қиястың айтуынша, бұл науқанның мақсаты – барша қа­зақ­­стандықтың патриоттық рухын көтеру, сонымен бірге ұл­тына, дүниетанымына қарамастан бір-біріне төзім­ділік танытуды дәріптеу.

«Қазақстан – тыныштық пен бей­­бітшілік мекені, мұны барлық халық­аралық қауымдастық өкіл­дері растайды. Ең үлкен бай­рақтың аспанда қалықтауында терең мән бар, ол ашық аспан ас­тындағы еліміздегі барлық ха­лықтың ынтымағын білдіреді»,  деді меценат.

Шараның ұраны болған «Ашық аспан» деген сөзде тұ­тас­тық, қазақ­стандықтардың бей­­біт аспаны деген мән жатыр. Бұл сөз бейбітшілікті қорғау­ды, ел тұрғындарының бақуатты өмі­­­рінің баянды болуын насихаттайды.

Әлеуметтік шараны сонымен бірге Ескендір Ибрагим, Те­мір Спатаев, Ал­жан Дарменов, Тойбек Мырзабеков, Ардақ На­заров, Жанқош Тұраров сынды азаматтар қолдады.

т