Спорт • 25 Қазан, 2022

Армрестлингтен Қазақстан құрамасы үздік деп танылды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армрестлинг бойынша Қазақстан құрамасы Түркияда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында үздік деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Армрестлингтен Қазақстан құрамасы үздік деп танылды

Түркияның Анталья қаласында ересектер, кадеттер, ұлдар, жастар және ардагерлер арасындағы армрестлингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші жалпы командалық орынға ие болды.

Қазақстандық армрестлерлер барлығы 68 алтын, 66 күміс және 36 қола медаль жеңіп алды.

54 елден 1700 спортшы қатысқан жарыстарға Қазақстанның намысын 200 спортшы қорғады.

Жалпы командалық есепте көшбасшылар үштігінде Түркия мен Болгария құрамалары да бар.

И

Соңғы жаңалықтар