Елорда • 25 Қазан, 2022

Елордада Республика күніне орай конкурдан турнир өтті

245 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Республика күніне орай «Арғымақ» атты жаңа ат-сауықтыру кешені ашылды. Жаңа кешен алаңында конкур бойынша турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордада Республика күніне орай конкурдан турнир өтті

«Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінің ашылу құрметіне оның алаңында ұлттық ат спорты түрі - 14 және 20 км қашықтықтағы бәйге, жүлде қоры 17 млн теңгені құрайтын жарыстар және олимпиадалық түрлер – «Ашық сынып», «Жас жылқылар гандикап» және «Балалар» номинациясы бойынша конкурс өтті. Аталған жарыстардың жалпы жүлде қоры шамамен 7 млн теңгені құрады.

«Жарыстың басты мақсаты - ұлттық және олимпиадалық спорт түрлерін насихаттау, перспективалы шабандоздар мен жылқыларды анықтау», делінген хабарламада.

Мт

Іс-шараны Астана қаласының ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясы мен елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

О
Олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасеновтың айтуынша, конкурға Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстары мен Астанадан төрт команда қатысты.

«Балалар» санатындағы сайыста үшінші және екінші орынды Лаура Алдабергенова Күрең есімді атпен және Дарина Дуржубаева Ғайсақ есімді атпен иеленді. Бірінші орын Әміре Қабжановаға Шах атты жылқымен бұйырды.
«Ашық сынып» санатында жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1-ші орынды «Джафар» атты атпен Ержан Мағжаев иеленді;

2-ші орын - Олег Соколенко «Күрең» атты жылқымен;

3-ші орын - «Каприя» атты жылқысы бар Ника Сим.
Жеңімпаздар 1 млн теңгеден алды.

Мж

Іс-шара аясында ұлттық ойындар, сондай-ақ концерттік бағдарлама өткізілді.

Айта кетсек, жаңа ат-сауықтыру кешенінде елорда тұрғындары ат спорты түрлерімен айналыса алады, ал ерекше қажеттіліктері бар балалар иппотерапиядан өте алады. Орталық базасында халықаралық жарыстар да өтеді. Жалпы, кешен елордада балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына ықпал ететін болады.

М