Технология • 26 Қазан, 2022

Тауар сатудағы түрік маркетплейсі

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Түркия арасындағы келісімге сәйкес енді біздің тауарлар ірі түр­кия­лық маркетплейс – Trendyol арқылы сатылатын болды. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Тауар сатудағы түрік маркетплейсі

Министрдің айтуынша, бұл идея Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түр­кияға мемлекеттік сапары аясында басталған.

«Осы елдің бірқатар компаниясымен келіс­сөздер жүргізіп, отандық IT-компанияларды таныстырған болатынмын. Солардың бірі – бауырлас елдің нарығында онлайн-сауда бойынша көшбасшы компания саналатын Trendyol болатын. Trendyol – Түркия аума­ғында интернет-дүкен арқылы, яғни өздерінің электронды платформасы арқылы тауар жет­кізумен және сатумен айналысады (күніне шамамен 1,5 млн тауар сатады). Trendyol-ды Түр­кияда жергілікті Amazon немесе Alibaba деп атайды. Компанияның құны шамамен  16 млрд доллар қаржыны құрайды», дейді Б.Мусин.

Оның айтуынша, сапар кезінде олардың тауарын Қазақстанға жеткізу мәселесі бойынша логистика жағдайы пысықталған. Сәйкесінше, қазақстандық тауарларды аталған маркетплейс көмегімен Түркия на­ры­ғына шығару туралы да келісім жа­салған.

«Көптеген қазақстандық Trendyol-мен таныс және көбінесе делдалдар арқылы тауар­ларға тапсырыс беруге тырысады. Бұл, әрине, Қазақстаннан келген клиент үшін жет­кізу мерзімі мен бағасына әсер етеді. Енді, міне, бұл бастама Түркия Республикасының Пре­зиденті Режеп Ердоғанның Қазақстанға сапары аясында өз нәтижесін көрсетті. Бүгін аймақтық маркетплейстерге қызмет көрсететін қазақстандық логистикалық компаниялардың бірі – Big Way KZ түркиялық Trendyol компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Big Way KZ – отандық нарықта логистикалық тауар айналымын жүзеге асыру­мен айналысып келе жатқан компания. Олар­дың шетелдік нарыққа шығуына әлеуеті айтарлықтай зор. Бірлескен келісімнің нәти­жесінде енді қазақстандық тауарлар Түркия нарығына тікелей, делдалсыз сатылады», деді.

Аталған бастаманың алдағы уақытта нәти­желі боларына сенім білдірген министр осы ретте түрік тарапымен келіссөздер өткі­зуге қолдау көрсеткен Қазақстанның Ыстан­бұл­дағы Бас консулдығына және Бас консул Әлім Байелге ризашылығын білдіретінін де жеткізді. 

Қазір екі ел арасында сауда-эконо­микалық байланыстар үлкен қарқын­мен дамып келе жатыр. Мемлекетаралық тауар айналымы 2022 жылы 3,5 млрд долларды құраған. Сарап­шылардың айтуынша, бұл цифр әлі жоғары қарқынмен өсе түседі деп болжанады.

Қазақстан мен Түркия өңірлік және халық­аралық байланыстарды берік өркен­детуде. Қазіргі таңда екі ел арасында 140 инвести­циялық жоба бойынша келісім бар. Олардың жалпы сомасы – 6 млрд доллар.