Саясат • 27 Қазан, 2022

Көпбалалы аналармен кездесті

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Қарағандыға арнайы ат басын бұрып, көпбалалы аналармен кездесті. Кездесу барысында ол жиналғандарды сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, түйткілді мәселелерге құлақ түрді.

Көпбалалы аналармен кездесті

Кандидат ат басын бұрған «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік бағытта көмек көрсетеді. Мұнда әйелдерді жұмысқа орналастыру бойынша қолдау тетіктері бар. Жеке кәсіп ашу үшін бизнес-жоспар әзірлеуге және тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға жәрдемдеседі.

Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен 100-ге жуық көпбалалы ана келді. Тұрғындар отбасы құндылықтарына қатысты мәселелерді көтеріп, рухани, мәдени-әлеуметтік даму төңірегінде сұрақ қойып, нақты өтініштері мен ұсыныстарын айтты. «Кездесуде Қарақат Әбденмен қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыладық. Жиында көтерілген маңызды сұрақтардың барлығы Қарақат Әбденнің бағдарламасында көрініс тапқаны бізге ұнады. Ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген өзіміздей ананың президенттікке үміткер болып, ел болашағы үшін еңбек етіп жүргені біз үшін үлкен қуаныш», деді көпбалалы ана Сандуғаш Құлмақова.

Қарақат Әбден өзі де көпбалалы ана ретінде қазақ отбасыларының мәселелерімен жақсы таныс екендігін жеткізді. Жиында көтерілген өзекті мәселелерді назарға алатынын айтты.