Саясат • 27 Қазан, 2022

Зиянды әдеттен арылту маңызды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова нашақорлық, құмар ойындар, маскүнемдік сияқты әлеуметтік мәселелердің қоғамда кеңінен таралуына жол беруге болмайды деп санайды. Бұл туралы кандидат елордада құқық қорғаушылармен кездесу барысында айтты.

Зиянды әдеттен арылту маңызды

Кездесуге қатысушылар кандидаттың сайлау­алды бағдарламасы аясында әлеуметтік салада жүзеге асыруды жоспарлап отырған реформалары туралы сұрақтарын қойды. Құжаттағы негізгі бес бағыттың бірі осы тақырыпқа арналғанын айта кеткен жөн. Мәсе­лен, кандидат азаматтық қоғам институттарының тиімді жүйесін құ­руға және қоғамдық бақылауды күшейтуге ден қоюды көздеп отыр.

С.Тұрсынбекова «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасымен жұмыс істеу барысында шалғай ауылдарға жиі барғанын атап өтті. «Адамдармен тікелей сөйлескенде ғана олар өздерінің шынайы мәселелері туралы айта бастайды. Менің мақсатым – осындай мәселелерді шешу. Мысалы, нашақорлық пен қоғамның маскүнем­дігі. Синтетикалық есірткі қолданатындар жиілеп кетті. Қазір­дің өзінде 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар Telegram арналарында оларды қайдан және қалай табуға болатынын тез біле алады. Зерт­теулерге сәйкес, бала бірнеше сағатта мекенжайларды таба алаты­нын естігенде таңғалдық. Қазір осы мәселемен күрес өте төмен деңгейде жүруде», деді ол.