Қазақстан • 27 Қазан, 2022

Ассамблея мүшелерінің марапаты

134 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласының Достық үйінде Республика күніне орай мемлекеттік және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті. Астана қаласының Достық үйінде Республика күніне орай мемлекеттік және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті.

Ассамблея мүшелерінің марапаты

Іс-шараны аша отырып, Қазақ­стан халқы Ассамблеясы төраға­сының орынбасары М.Әзіл­ханов 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ­станның Егемендігі туралы дек­ларация қабылданғанын атап өтті. Бұл мереке мемле­кетіміздің тәуелсіздігін алуда­ғы алғашқы қадамы болды. Содан бері этномә­дени бірлестік­тердің қызметі арқасында Ассамб­лея аясында өз елінің нағыз пат­риот­тарының жаңа буыны өсіп, қалыптасты.

Бұл күні ел егемендігін, қоғам­дық келісім мен жалпыұлт­тық бір­­лікті нығайтуға, мәдениет­ара­лық диалог пен қазақстандық пат­риотизмді дамытуға үлес қоса­тын Қазақстан халқы Ассамблея­сының мүшелері мен пікірлестері марапатқа ие болды.

Атап айтқанда, «Құрмет» ордені­мен «Филия» Қазақ­стан­ның грек қоғамы қауымдас­тығы­ның басшысы Г.Иор­даниди, «Бар­банг» күрдтер қауымдас­тығы» басқармасының мүшесі Р.Мир­­зоев, «Қазақстан корейлер қа­уым­дастығы» ЗТБ мүшесі С.Огай, «Дустлик» өзбек этно­мәде­ни бірлестігінің Ақсақалдар ке­ңесі­нің төрағасы Б.Турдикулов марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» меда­лімен «Дуслык» білім беру мәдени орталығының басқарма төрағасы Я.Низамутдинова, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі А.Бақытұлы марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамб­леясының «Бірлік» қоғамдық Алтын медалімен Республикалық тәжік этномәдени орталығының мүшесі А.Исмаилов, Республи­ка­лық ұйғыр мәдени орталық төр­аға­сының орынбасары Н.Палтахунов және ҚХА этно­мәдени орталықтары мен қоғам­дық институттарының басқа да өкілдері марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның «Жомарт жан» төсбелгісі­мен ше­­шен және ингуш халық­тары­­­ның мә­де­ниетін дамыту қауым­дасты­ғы­ның «Вайнах» мү­шесі С.Газ­диев, «Юнчи» дүнген орталы­ғы­ның бас­қар­­ма мүшесі Ш.Хахазов марапатталды.

Сонымен қатар өңірлік Қазақ­стан халқы Ассамблеялары мен қоғам­дық құрылымдардың бірқатар өкілі құрмет грамотасымен, алғыс­хаты­мен және Қазақстан халқы Ассамб­леясының төсбелгісімен марапатталды.