Теннис • 27 Қазан, 2022

Мысырда қазақстандық спортшы алтын еншіледі

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Сарвиноз Миркадирова Мысырда өткен WTT Youth Contender Cairo халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мысырда қазақстандық спортшы алтын еншіледі

Ұлттық Олимпиадалық комитет хабарлағандай, 37 спортшы бақ сынаған 17 жастағылар тобында Сарвиноз кіші топта екі жеңіске жетті.

Одан кейін жарыстың негізгі кезеңінде Канзи Фази, Мариам Хусейн, Каирлік Роа Закиді жеңіп, финалда неміс Йозефина Нейманнан мықты болып шықты 3:2 (8:11, 11:8, 9:11, 11:5, 11:7) .