Қоғам • 27 Қазан, 2022

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

«К.Қ. Мәсімов пен Ә.Т. Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 желтоқсанына дейін, Д.Е. Ерғожиннің қамау мерзімі 2022 жылдың 13 желтоқсанына дейін, М.С. Осиповты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 22 желтоқсанына дейін ұзартылды», деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 6 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді.

Сондай-ақ ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша тергеуді бастағаны хабарланды.