Қоғам • 27 Қазан, 2022

Қаңтар оқиғасы: Үш азаптау фактісі бойынша тергеу аяқталды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптауларға қатысты үш іс бойынша тергеудің аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: Үш азаптау фактісі бойынша тергеу аяқталды

«Үш адамның өлімі бойынша тергеу іс жүзінде аяқталды. Бұл үш қылмыстық іс», деді Әсет Шындалиев Сенат отырысында.

Бас прокуратураның өкілі рақымшылыққа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру», 362-бабы «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» және 146-бабы «Азаптау» бойынша жасалған қылмыстар кірмейтінін баса айтты.

Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қаза тапты, оның 19-ы полицейлер мен әскерилер.