Қоғам • 27 Қазан, 2022

Ақтөбеде Димаш Құдайберген бейнеленген мурал пайда болды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінде Димаш Құдайбергеннің муралы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде Димаш Құдайберген бейнеленген мурал пайда болды

Алматы шығармашылық бюросының ұжымы мен Q88 урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен қала ортасын жақсарту бойынша креативті жобаларды іске асыруда. Олардың бірі Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлерге қабырға суреттерін жасау. Сөйтіп, облыс орталығындағы үйлердің бірінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ғана емес, әлемдік музыка өнерінің майталманы атанған қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің алып бейнесі пайда болды.

Суретшілер Димаштың Ақтөбе қаласында туғанына байланысты оның муралын туған жерінде салуды жөн көрді. Әншінің шығармашылығы мен жетістіктері Алматы шығармашылық бюросының командасын және Q88 Urban қауымдастығын поп-арт стилінде эскиз жасауға шабыттандырды.

«Муралды салу барысында суретшілер ыстық температурада бұзылмайтын граффитиге арналған арнайы спрей бояуларын пайдаланды. Сондықтан қабырға суреті қала тұрғындарын мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы қуантады. Кескіннің биіктігі 9 қабаттан жоғары, 18 метрден кем емес», дейді жобаның бастамашылары.

Авторлар Димаштың тұлғасына байланысты жылулық, позитивтілік және жақсы эмоцияларға толы жарқын композиция ауа-райының ең қатал күндерінде де қала тұрғындарын қуантады деп сенеді.