Қазақстан • 27 Қазан, 2022

Қазақстанда Қырғыз Республикасының Мәдениет күндері өтіп жатыр

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қазанда Қазақстан Республикасында Қырғыз Республикасының Мәдениет күндерінің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда Қырғыз Республикасының Мәдениет күндері өтіп жатыр

Бағдарламаға сәйкес «Қырғыз киносының күндері», Шыңғыс Айтматовты еске алуға арналған «Дөңгелек үстел», халық әртістерінің, халық ақын-жазушыларының, кино қайраткерлерінің, ғылым докторларының, Қырғызстан мен Қазақстанның қоғам қайраткерлерінің кездесуі өтуде.

Сонымен қатар 28 қазанда «Манас» эпосына арналған іс-шара және Нұрдин Түгелов атындағы «Ақ Марал» мемлекеттік би ансамблі мен Шалағыз Исабаев атындағы «Қамбарқан» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерттері өтеді.

29 қазанда Қазақстан Республикасында Қырғыз Республикасының Мәдениет күндерінің салтанатты жабылуы өтеді, онда Тоқтоболот Әбдімомынов атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық драма театрының «Саманчынын жолу» спектаклі көрсетіледі.

Қырғызстанның Мәдениет күндері делегациясын Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясатының министрі Алтынбек Мақсұтов басқарады. Бұл мәдени шараға Қырғызстаннан 300-ден астам адам қатысады.

Олардың арасында халық әртістері, халық ақын-жазушылары, кино қайраткерлері, ғылым докторлары және КСРО Халық әртісі Самара Тоқтақұнова бастаған қоғам қайраткерлері және өзге де өнер ұжымдары бар.

Еске салсақ, 2021 жылғы 2-3 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келген болатын. Келіссөздер барысында екі елдің екіжақты және көпжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланып, мәдениет күндерін тепе-тең негізде өткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Тиісінше, Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері Қырғызстанда 2021 жылғы 7-9 қазанда Бішкек қаласында өтті.