Саясат • 28 Қазан, 2022

Насихат Абай өңірінен басталды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабын Ерлан Қошанов басқарады. Аталған кандидатты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб мүшелері үгіт-насихат кездесулерін бастап кетті. Өңірлердегі кездесулер Абай облысынан бастау алды.

Насихат Абай өңірінен басталды

Облыстың ақсақалдарымен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды. Әсіресе мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тари­хи-мәдени ескерткіштерді қал­пына келтіруге айрықша мән берілді.

Бұдан соң, Абай облысының жұртшылығымен өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған шаралар талқыланды. Ерлан Қошанов халқымыз Әділетті Қазақ­стан құру идеясының төңі­ре­гінде топтасуға тиіс екенін атап өтті. «Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мем­лекет мүддесін қорғап, ел тәуел­сіздігі мен қауіпсіздігін қам­тама­сыз етуді көздейді. Халық­тың қалауы да осы. Бір сөзбен айт­қан­да, ел мүддесі де, ер мүд­десі де бір жерден шығып отыр», деді ол.

Ә.Бөкейхан атындағы университетте жастармен кездесу өтті. Жиында штаб мүшелері кандидат бағдарламасындағы жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүйелі түрде жүзеге асатынын атап өтті.