Саясат • 28 Қазан, 2022

Су тапшылығы бар

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Қызылорда облысына барды. Кандидат Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен және сала мамандарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқыға салды.

Су тапшылығы бар

Соңғы жылдары Сырдария өзенінің арнасы тартылып, облыстың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағ­дайы күрделеніп отыр. Судың тапшылығы, әсіресе күріш шаруашылығына кері әсерін тигізіп отыр.

«Көктем келсе, кетпенін сайлап егін егуге кірісетін диқан қауы­мының көңілі алаң. Су тапшылығы мәселесі жайба­рақаттықты көтермейді. Қам­сыз егін егіп, су жетпей жатса, еңбектің еш кеткені емес пе?! Сондықтан біз су тапшылығы мәселесін мемлекеттік дең­гейде шешуіміз керек. Ауыл шаруашылығы саласын әртарап­тандыру жайы көптен бері айтылып келеді. Дегенмен бұл іске білек сыбана кірісетін кез енді келгендей. Себебі тек бір ғана күріш егумен еңбекші елдің несібесі артып, ел қамбасының тоқ болмайтыны айқын сезіле бастады», деді Ж.Дайрабаев.

Кандидат ғылым мен өнді­рісте үндестік керектігіне баса назар аударды. Әсіресе суармалы жүйеге негізделген өңір үшін қазіргідей су тапшылығы жағдайында бұл өте маңызды. Кандидаттың бастамаларын қол­даған шаруалар мен ғалым­дар алдағы уақытта жүзеге асатын жобаларға бірлесе әрекет етіп, барлық тарап үшін оңтай­лы шешім қабылдауға дайын екендігін жеткізді.