Аймақтар • 28 Қазан, 2022

Қостанайлық полицей алаяқтық бабы бойынша ұсталды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық полицей алаяқтық жасағаны үшін 4 миллион теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайлық полицей алаяқтық бабы бойынша ұсталды

Жергілікті жаңалықтар порталының мәліметінше, полиция қызметкері жүргізуші куәлігін алуға тәжірибелік және теориялық емтихан тапсыруға көмектескені үшін жәбірленушілерден 441 мың теңге алған.

«Сот жүргізу келісімінің шарттарына сәйкес, сондай-ақ жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, М.-ны ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі, 2,4-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Сондай-ақ Мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 410 000 теңге айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», деп хабарлады Қостанай аудандық соты.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, прокурормен кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасасқан.