Қазақстан • 28 Қазан, 2022

Беларусь елімен тауар айналымы 20%-ға өскен

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы кезекті отырысы қарсаңында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Беларусь елімен тауар айналымы 20%-ға өскен

Өзара сауданы ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Қазақстан Беларусь нарығына шығарылатын экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты Үкімет жақын арада Беларусь басшылығының қарауына жіберілетін әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесін жаңартқан.

о

Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 20%-ға өскен.

«Қазіргі таңда біз әртүрлі салаларда шикізаттық емес тауарлардың 105 түрін жеткізу мәселесін бірлесіп пысықтауға дайынбыз», деді Әлихан Смайылов.

ы

Екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі – өнеркәсіп кооперациясы. Бүгінгі таңда 1,5 мың жұмыс орнын құра отырып, бірлескен 7 жоба іске қосылды, тағы 2 жоба іске асыру сатысында.

ь

Өз кезегінде Роман Головченко ауыл шаруашылығында, атап айтқанда, Қазақстанда Беларусь технологиялары бойынша тауарлы сүт кешендерінде бірлескен жобаларды іске қосудың перспективаларын айтып, екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды мақсатты түрде нығайтуға дайын екенін айтқан.