Сенбі күні түнде Португалияның астанасы – Лиссабон қаласында Испания Мадридінің «Реал» және «Атлетико» командалары Чемпиондар лигасының финалында кездесіп, бұлардың алдыңғысы 4:1 етіп ұтып шықты.
Матч көпшілік күткендей, «Реалдың» қауырт шабуылымен басталды. Бұған «Атлетико» тасқамал қорғанысты ұйымдастыра отырып, оқта-текте үдере шабуыл жасау тактикасын қарсы қойды. Түбінде осы тәсіл өзінің оң нәтижесін де берді. Кездесудің 36-минутында бұрыштамадан соққы жасаған «матрасшылар» қақпашы Икер Касильястың алға шығып кеткенін кезінде пайдаланып, есеп ашты. «Реал» ойыншылары айып алаңынан шығарған доп қайтадан кері келтірілгенде, «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Диего Годин оны басымен алыстан ұрып түсірді.
Осыдан кейін «бланкос» футболшылары шабуылды бұрынғыдан бетер күшейтті. Криштиану Роналду бастаған реалдықтар алға қарай өршелене ұмтылды. Осындай үстін-үстіне жасалған жойқын шабуыл негізгі уақытқа қосылған 3-минутта ғана өз нәтижесін берді. Әуелі Лука Модрич бұрыштама добын жеткізді. Оны Серхио Рамос басымен ұрып, қақпашы Тибо Куртуаның ту сыртынан бір-ақ шығарды – 1:1!
Осыдан кейін қосымша екі таймға кезек келді. Ол жұртшылық күткен сценарий бойынша өрбіді. Соңғы голдан үлкен қуат алған Карло Анчелоттидің жігіттері тағы да алға қарай жөңкіле шапты. Бұл жолы олар атқанын құр жіберген жоқ. Сөйтіп, Гарет Бэйл (110), Марсело (118), Криштиану Роналду (120-пенальти) секілді ойыншылар соққан голдардың арқасында «Реал» есепті 4:1-ге жеткізіп, бір-ақ тоқтады.
Руслан ИГІЛІК.

Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:51
Атыраудағы қылмыс: Сәрсемәлиев неге Индонезияға қашқанын айтты
Заң • Бүгін, 14:50
«Құдайдан кешірім сұрағым келді»: Сәрсемәлиев сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 14:40
Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Жаздың соңына дейін ҚТЖ пойыздарында интернет пайда болады
Қоғам • Бүгін, 14:18
Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02