«Жыл басынан бері біз 1851 тексеру жүргіздік. Тексеру қорытындысы бойынша 288 млрд теңгеге жуық қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның 10 миллиард теңгеге жуығы бюджетке өтелді. 29 млрд теңгеге жуық сомаға тауарлар жеткізілді, қызметтер көрсетілді, жұмыстар атқарылды. 233 млрд теңгеден астам сомаға кемшіліктер бухгалтерлік есептерге сәйкестендірілді», деді Ержан Мыңжасаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, тексерілетін субъектілерге 1638 нұсқама беріліп, оның 70 пайыздан астамы орындалған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 6901 материал бойынша іс қозғалып, жалпы сомасы 605 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бүгінгі таңда бюджетке 587 миллион теңге немесе 97 пайызы төленді. 1595 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдарына 150-ге жуық материал жіберіліп 80 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды.