Қоғам • 29 Қазан, 2022

Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт шықты

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт шықты

Өрт туралы ақпаратты ТЖ министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов растады.

«Шақыру келіп түсті, қазіргі уақытта бөлімшелер орнында. Өрт қазірдің өзінде локализацияланған, толығырақ ақпарат сәл кейінірек болады», деді Р.Иманқұлов.

Оның айтуынша, ғимаратта 10 шаршы метр аумақта кеңсе жиһазы өртеніп кеткен.

«Сағат 13:42-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда», деп толықтырды ТЖМ баспасөз хатшысы.