Спорт • 29 Қазан, 2022

Атыраулық спортшы гір көтеруден әлем чемпионы атанды

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістан елінің Нью-Дели қаласында гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулық спортшы гір көтеруден әлем чемпионы атанды

Додаға қатысқан атыраулық спортшы Ришат Галиахметов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп 95 келі салмақта гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды.

Жарысқа әлемнің 13 елінен 234 атлет қатысып жатыр.

«Атырау облысынан үш спортшымыз бақ сынауда. Жарыстың алғашқы күнінде 95 келіде Ришат Галиахметов әлем чемпионы атанса, енді екі спортшымыз Досқали Досқалиев 90 келіде, Алпамыс Айтмуханов 73 келіде үздік нәтиже көрсетеді деген үміттеміз», деді аға жаттықтырушы Сергей Гридчин.

И

Ришат Галиахметов аталған спорт түрімен 10 жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді. Ол биыл Щучинск қаласында өткен Азия чемпионатында да алтын жүлдеге ие болған еді.