Футбол • 29 Қазан, 2022

Өзбекстан мен БАӘ-ге қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Өзбекстанға және БАӘ-ге қарсы жолдастық ойындарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Өзбекстан мен БАӘ-ге қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды

Тізімге 30 ойыншы кірді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Талғат Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко, Әлібек Қасым (барлығы – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Сұлтанбек Астанов («Қайрат»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Тобыл»), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Бактиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Әділет Сәдібеков, Андрей Ульшин (екеуі де – «Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Аймбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев - бас жаттықтырушы, Евгений Косторуб – бас жаттықтырушының көмекшісі, Руслан Балтиев – бас жаттықтырушының көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене шынықтыру бойынша жаттықтырушы, Магомед Нозадзе – талдаушы жаттықтырушы.