Білім • 29 Қазан, 2022

Қосшыда екі мектептің құрылысы жүріп жатыр

239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қосшы қаласы, Талапкер ауылы және Үркер шағын ауданындағы үшауысымды және оқушы орындарының тапшылығы бар мектептерді аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қосшыда екі мектептің құрылысы жүріп жатыр

Министр қазір жұмыс істеп тұрған мектептердегі оқушы санын реттеу мақсатында салынып жатқан жаңа мектептердің құрылысы мен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023 жылы мектеп құрылысы басталатын орындармен танысты.

«Қосшыда биылғы қыркүйек айында 1 200 орындық мектеп пайдалануға берілді. Қазір мұнда тағы екі жаңа мектеп салынып жатыр. Олар 2023 жылдың жазына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарымен таныстым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген «Жайлы мектеп» жобасы аясында келесі жылы 11 000 орындық тағы 3 мектептің құрылысы басталады (екі ауысым). Бұл оқушылар орнының жетіспеушілігі мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді», деп жазады министр Facebook парақшасында.

И

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, заңды түрде мектеп салу және оған бюджеттен қаржы бөлу әкімдіктердің құзырында.

«Оларды жобалау, құрылыс мекемелерін таңдау жұмыстарымен де жергілікті құрылыс басқармалары айналысады. Алайда, бұл мәселені бақылауда ұстау маңызды», деп қосты ведомство басшысы.

Сондай-ақ 2023 жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында Қажымұқан ауылында 1 800 орындық бір мектеп салу жоспарланған.

«Бұл оқушы орнының тапшылығы мәселесін толығымен шешеді. Сонымен қатар, Үркердегі №69 мектеп-гимназиясында да болдым. Оқу кабинеттерін, психологиялық-педагогикалық түзету, робототехника кабинеттерін аралап шықтым. Мұғалімдермен әңгімелестім. Бұл мектепте 28 бала инклюзивті білім алады. Мектеп үш ауысымды. Оған жақын жерден 2023 жылы «Жайлы мектеп» аясында 2 000 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады», деп жазды министр.

Ит