Экономика • 30 Қазан, 2022

Қазақстан мен Түркия арасында сауда көлемі артады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемін 5-тен 10 млрд долларға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Ислам елдерінің стандарттары мен метрологиясы институты (SMIIC) метрологиялық кеңесінің 11-ші отырысында «Tubitak Ume» Түркия метрология институтының бас директоры Mustafa Cetintas мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Түркия арасында сауда көлемі артады

«Осы мақсатта біз бүгін ҚазСтандартпен уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойдық. Мұндағы негізгі міндет - жалпы өлшеу эталондарын белгілеу және стандартты үлгілердің неғұрлым талап етілетін түрлерінің бірлескен өндірісін құру. Бұл екі елдің өндірушілеріне өз өнімдерін экспорттауға көмектеседі», деді «Tubitak Ume» Түркия метрология институтының бас директоры Mustafa Cetintas.

Отырысқа 35 елден делегаттар қатысып, метрология, техникалық реттеу және халал индустриясы мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Орталық Азия өңірі үшін халал аудиторлар тренингі өткізілді.

Ио

«Қазақстанның SMIIC-ке қатысуы және осы кездесуге төрағалық етуі Азия мен Еуропаны біріктіретін, әлемдік аренада өзара тиімді ынтымақтастық алгоритмдерін құратын еуразиялық хаб ретінде еліміздің өсіп келе жатқан маңыздылығын атап көрсетеді. Халал индустриясы әлемдік экономикадағы қарқынды дамып келе жатқан трендтердің бірі болып табылады. ИЫҰ елдерінің 2022 жылға арналған тауар айналымының көлемі 14 млрд АҚШ долларынан астам құрайды. Халал өнімдерінің әлеуеті азық-түлік саласынан басқа ауыл шаруашылығы, фармацевтика, косметика, тоқыма және аяқ киім өнеркәсібін де қамтиды», деді ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарттың бас директоры Ғабит Мұхамбетов.