Саясат • 31 Қазан, 2022

Лайықты өмір – лайықты жалақы

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлерде Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің сайлауалды үгіт-насихат сапары жалғасып жатыр.

Лайықты өмір – лайықты жалақы

Үміткер ең әуелі Ахмет Бай­тұрсынұлы атындағы Қос­та­най өңірлік университетіне барды. Студенттер және оқыту­шы­лар­мен кездесу барысында жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жалақы және оны индекстеу мәселелері көтерілді.

«Әрине, біз әрқашан жастар­дың жұмысы мен жақсы жала­қы­сы болғанын қалаймыз. Алайда мұндай мәселе тек бір жыл ішінде тез шешіле қоймайды. Себебі, бүгінгі таңда жылдар бойы қордаланып қалған, өзекті мәселелердің біріне айналған. Барлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен басталады, яғни бұл аталған проблеманың негізі болып отыр. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 60 мың теңгені құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 70 мың теңгені құрамақ. Біздің ойымызша, ол 70 мың емес, 150 мың теңгеден астам болуы керек. Дамыған елдерде жалақының ең төменгі мөлшері 717 мың теңгені құрап отыр, яғни көргендеріңіздей айырмашылық 10 есе», деді кандидат. Үміткер лайықты өмір лайықты жалақыдан басталатынын атап өтті.

Бұдан кейін Мейрам Қажы­кен Қостанайдағы сайлауалды штаб жұмысымен танысты. Үгіт-насихат жұмыстары қазанның 21-інен басталған. Штаб мүшелеріне сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге 15 ерікті көмектесуде. М.Қажыкен атқарылған жұмыс нәтижелеріне оң баға берді.