Спорт • 31 Қазан, 2022

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Монреальда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

А тобындағы финалда Қазақстанмен Италия, Оңтүстік Корея және Канада ойнады. Бұл төрттікте Оңтүстік Корея мәре сызығын бірінші болып өтті (7:01,850). Біздің құраманың нәтижесі: 7:07.972. Қола жүлде Канадаға бұйырды.

Бұған дейін Монреальда шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы финалға шыққан болатын. Жартылай финалда Қазақстан, Канада, Қытай және Жапония командалары бақ сынады. Бірінші болып 5 шақырымды 7 минут 9 секундта бағындырған Канада құрамасы келді. Құрамында Абзал Әжғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов және Денис Никиши бар ұлттық құрама олардан 2 секундқа (7:11 секунд) қалып қойды.

Әлем чемпионатының келесі кезеңі Солт-Лейк-Ситиде өтеді.