Қазақстан • 31 Қазан, 2022

Қазақстандықтардың 62%-ға жуығы қалада тұрады

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Азиядағы ең урбанизацияланған мемлекет - Қазақстан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтардың 62%-ға жуығы қалада тұрады

Бүгін - Дүниежүзілік қалалар күні. 

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, халықтың 61,7% қалаларда тұрады, бұл 12 миллионнан астам адам», деп атап өтті Ұлттық бюро.

2022 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда 2,4 миллионнан астам тұрғын үй тіркелген, оның 40% қалалық жерде (999 396 тұрғын үй) орналасқан.

Тұрғын үйлердің ең көбі Алматыда(164 мың) және Шымкентте (141 мың) орналасқан. Ең аз үй саны Маңғыстау облысының қала аумағында тіркелген - 7351 тұрғын үй.