27 Мамыр, 2014

Комиссияның кезектен тыс отырысы

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыста «Болашақ» ха­лық­аралық стипендиясының иегерлері үшін ағылшын тілі бойынша 12 ай мерзім ішінде тілдік даярлықты ұйымдастыру мәселесі қаралды. Бұл ретте стипендия иегерлері Қазақ­стан­да 6 ай және «Болашақ» бағ­дарламасы шеңберінде шетелдік тілдік мектепте 6 ай даярлықтан өтетін болады. Сонымен қатар, комиссия мүшелері президенттік сти­пен­­дия шеңберінде МВА бағдарлама­сы бойынша мамандар даярлау­ға деген қажеттілікті зерделеу мәселелерін талқылады. Комиссия шешіміне сәйкес Әділет министрлігі Сот сарап­тамасы орталығының бір топ қызметкері «Бола­шақ» ха­лық­аралық стипен­дия­сының ие­гер­лері атанып, Ұлыбританияда та­ғылым­дамадан өтетін болды.