Әлем • 31 Қазан, 2022

Үндістандағы қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 141-ге жетті

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Гуджарат штатында аспалы көпірдің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 141-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Business Insider басылымына сілтеме жасап.

Үндістандағы қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 141-ге жетті

Қаза тапқандар санын Раджкот полиция округінің бас инспекторы Ашок Ядав растады. Ал, мемлекеттік ішкі істер министрі Харш Сангавидің айтуынша, қаза тапқандар саны 132-ге жетіп, екі адам із-түзсіз жоғалған. Сондай-ақ ол жоғалған екі адам табылса, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталатынын айтты.

Бүгін таңертең Морби мемлекеттік ауруханасы 99 қайтыс болған адамның тізімін жариялады. Онда қаза тапқандардың жасы көрсетілмеген.

Мердігер мен арқанды көпірдің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Еске салайық, қайғылы оқиға 30 қазанда Гуджарат штатындағы Морби қаласының маңында болды. Маччу өзені арқылы 140 жыл бұрын салынған аспалы көпір құлап кеткен. Апат кезінде көпірде бес мыңға жуық адам, оның ішінде көптеген әйелдер мен балалар болған.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025