30 қазан – 13 қараша аралығында Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионаты өтеді. Сары құрлық бәсекесінде Қазақстанның намысын ерлер арасында 13 боксшы және әйелдер арасында 12 боксшы қорғайды.
«Аталған жарысты «Qazsport» телеарнасы көрермен назарына ұсынуды жоспарлағанымен, Азия бокс конфедерациясы мен жергілікті ұйымдастырушылар телевизиялық түсірілім жасамайтыны белгілі болды», деп жазылған хабарламада.