Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік академигі
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Марат Тәжин Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының (РАЕН) құрметті шетелдік академигі атағына ие болды. Диплом тапсыру рәсімі кеше Мәскеуде Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының ғимаратында болып өтті. РАЕН академиясы президентінің бірінші орынбасары Лидия Иваницкая марапаттау рәсімі барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, осы үдерісте ғылымның ерекше орын алатынына назар аударды. Оның пікірінше, М.Тәжинге берілген шетелдік академик атағы елшінің екі ел ғалымдар қауымдастықтары арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесінің, сондай-ақ, доктор және академик ретінде социология ғылымын дамытуға сіңірген зор еңбегінің белгісі. «Бүгінгі оқиға, біріншіден, мемлекеттер басшылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Владимир Владимирович Путин белгілеп берген Қазақстан-Ресей байланыстарының кең ауқымын көрсетеді. Мен осында, еуразиялық ықпалдастықтың дамуына арналған Қазақстан Президентінің М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жақында оқыған дәрісі барысында айтқанындай, ғалымдар қауымдастығы мен Ресей қоғамы Еуразиялық экономикалық одақ идеясын қолдайтынын көріп отырмын», деді өзінің сөзінде М.Тәжин.Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40