Саясат • 01 Қараша, 2022

Отбасылық кәсіп – ортақ нәсіп

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президентікке кандидат Қарақат Әбденнің сайлауал­ды сапары Алматы облысының Талғар қаласында жал­ғасты.

Отбасылық кәсіп – ортақ нәсіп

Қала тұрғындары мен өңірдегі шағын және орта биз­несті дамытып жүрген кәсіп­керлер Қарақат Әбденнің сайлауалды бағдарламасымен танысып, көкейде жүрген сауал­дарын қойды. Бизнесмендер мемлекет тарапынан жасалған қолдауды сезініп жатқандарын айтты.

Жиын барысында үміткер шағын және орта кәсіпкерліктің маңыздылығын атап өтіп, бұл саланың ел экономикасының дамуына зор үлес қосатынын жеткізді. Сондай-ақ кездесуде бизнес пен отбасылық құндылықтарды ұштас­тыру, ұлттық құндылықтарды дә­ріптеу, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Талғар қаласынан бастау алған отбасылық бизнесті дамыту сұрақтары облыс­тағы Тұздыбастау ауылында өрбіді. Қ.Әбден осы ауылдағы отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отырған Сайыпжамал Өтеп­тің әулетіне арнайы атбасын бұрды. «Мен зейнетке шыққалы бері «Ақырыс» ат­ты отбасылық бизнесті қол­ға алдым. Сүттен кілегей, қа­тық, құрт, ірімшік, сыр, ай­­ран, көже, жент жасаймыз. Елдің болашағы осындай шы­найы, қолдан жасалған ең­­­бек­тен басталады. Өзіміз Қара­қат Әбденнің сайлауалды бағдарламасын тыңдап, разы болып жүргенбіз. Елді аралап, біз секілді қарапайым адамдарды қолдап жүргені үшін алғысымызды білдіреміз», деді кәсіпкер.