Жарыста Азияның 22 мемлекетінен келген 500-ге жуық спортшы өзара бақ сынасады. Оның ішінде, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Бахрейн сияқты елдердің мықтылары да бар. Ал Қазақстанның намысын қорғауға үздік 37 спортшы аттанды.
Әртүрлі салмақта сайысқа түскен спортшылардың арасында Шымкент қаласы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы полиция лейтенанты Қымбат Ахметтің бағы жанды. Ол 47 кило салмақта 3 спортшымен айқасып, ақтық сында өзінің отандасынан басым түсіп, нәтижесінде аралас жекпе-жек спортынан Азия чемпионы атанды.
Полицей ару бұған дейін де бірнеше рет әлем чемпионаты жүлдесін жеңіп алған. Сондай-ақ ол самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері және джиу-джитсудан әлем чемпионы.
ШЫМКЕНТ