Кәсіпқой бокс • 31 Қазан, 2022

Абылайхан Жүсіповтің кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегі өтеді

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абылайхан Жүсіпов 5 қарашада Миннеаполисте шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абылайхан Жүсіповтің кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегі өтеді

Оның бұл жолғы қарсыласы америкалық Демаркус Лейтон (8-3-1, 5 КО) болады.

Лейтон кейінгі жекпе-жегін 2021 жылы 14 тамызда Корона қаласында (Калифорния, АҚШ) отандасы Луис Лопеске (12-1-1, 4 КО) қарсы өткізіп, жеңіліп қалған. Ал Абылайхан Жүсіпов биыл 4 маусымда Миннеаполисте (Миннесота, АҚШ) өткен АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегінде мексикалық Эдгар Рамиресті (18-22-1, 14 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірді.