Хоккей • 01 Қараша, 2022

Бүгін «Барыс» «Сібірмен» кездеседі

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатының матчы өтеді. Онда астаналық «Барыс» Новосібірдің «Сібірін» өз алаңда қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін «Барыс» «Сібірмен» кездеседі

«Барыс» - «Сібір» матчының тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасында көрсетіледі.

25 матчтан кейін «Барыс» активінде 23 ұпай бар. Қазақстандық клуб ҚХЛ-да қатарынан бес рет жеңіліске ұшырады.

«Сібір» 25 матчта 30 ұпай жинады.