Білім • 01 Қараша, 2022

Елдегі ЖОО-лар Smart-университеттер үлгісіне көшеді

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО-лардағы оқу үдерісін цифрландыру барысын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдегі ЖОО-лар Smart-университеттер үлгісіне көшеді

«Біз ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған көп жұмыс істедік. Оқытудың жаңа түрі – онлайн оқыту енгізілді. Университеттер Smart-университеттер үлгісіне көшеді», деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, бұл студенттің цифрлық профилін, яғни студенттік өмір жолын қалыптастыруды, EdTech цифрлық қызметтерін дамытуды және цифрландырудың озық тенденцияларына сәйкес процестерді оңтайландыруды қамтиды.

«Coursera және EdX курстарының ауқымы қазірдің өзінде кеңейтілді. Басқа платформалармен онлайн келісім-шарттар жасау жұмыстары жүргізілуде. Басқару және білім беру қызметтерін көрсету сапасын арттыру мақсатында «Цифрлық университеттің эталондық стандарты» әзірленеді», деді министр.