27 Мамыр, 2014

Елбасының апталық кестесі

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29 мамырда Астанадағы Тәу­ел­сіздік сарайында Жо­ғары Еура­зиялық эконо­микалық кеңес­тің оты­рысы өтеді, деп хабар­лады Пре­зиденттің баспасөз қызметі. Іс-шараға Қазақстан Рес­пуб­ликасының Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясы­ның Президенті Владимир Путин және Бе­ла­русь Респуб­ли­касының Президенті Александр Лу­кашенко қатысады. Отырыста Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.