«TikTok ресейлік кеңсесінің қызметкерлеріне Қазақстан, Армения және Қырғызстанға көшу ұсынылды. Бірақ қызметкерлер барлық шығындарды өз мойнына алып, еңбек шартына қосымша келісімге қол қою үшін Ресейге қайта оралуы керек», деп жазды ресейлік РБК басылымы.
Сондай-ақ TikTok-тың Шығыс Еуропадағы жаһандық бизнес шешімдерінің басшысы Анастасия Панина компанияның Қазақстанда жаңа кеңсесі ашылатынын айтты.
«Осы күзде TikTok Қазақстанда миллиондаған дарынды авторлардың, дамып келе жатқан цифрлық экономиканың және әсерлі инновациялық кәсіпкерлердің мекені болатын кеңсе ашпақ», деп хабарлады А.Панина өзінің LinkedIn парақшасында.
Сондай-ақ басылым Ресей кеңсесінің кейбір қызметкерлері Таяу Шығыс сияқты басқа да халықаралық командаларда жұмыс істей бастағанын жазды.