Қоғам • 01 Қараша, 2022

Астанада студент жігіт суицид жасады

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 қазанда Астанада 18 жастағы жігіт Қабанбай батыр даңғылындағы көпқабатты үйдің 24-ші қабатынан секірді. Полицияда сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада студент жігіт суицид жасады

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 31 қазан күні сағат 19:30-да полицияға белгісіз адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полицияның мәліметінше, ер адамның жеке басы анықталды. Ол Астананың 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала ақпарат бойынша, студент AITU университетінде оқыған.