Қылмыскерді ұстау үшін Маңғыстау облысы департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қалаға аттанды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыс жасаған БҚО тумасы 54 жастағы әйел 12 жылдан бері іздеуде жүрген. Осы уақыт ішінде ол Алматы қаласында тұрды. Жалған құжат пайдаланғандықтан оны ұстау мүмкін болмады», делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі таңда алаяқ Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.