Саясат • 02 Қараша, 2022

Әділдік – басты бағыт

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткер Салтанат Тұрсынбекова Шымкент қаласының құқық қорғаушыларымен кездесті.

Әділдік – басты бағыт

Кандидат Шымкент қалалық адвокаттар алқасымен кездесу өткізді. «Заңгерлердің жағдайы қиын. Қаржылық мәселелер одан да қиын. Бірақ адамдардың құқығы бұзылып жатқанын көру, тіпті ауыр. Сот үдерісі жүріп жатқанда адвокаттар өз жұмысын толыққанды атқара алмайды. Прокурорлар мен сот қызметкерлері адвокаттардың айтқанын тыңдағысы да келмейді. Өз пікірін ашық айтып, белсенділік танытқан заңгерлер кейін еңбек жолын аяқтауға мәжбүр болғанын көріп те жүрміз. Адам көмекке үміттеніп адвокат жалдайды, бірақ кәсіпқоймен жұмыс істегеннің өзінде сот шешімінің қаншалықты әділ болатынына күмәнданады. Халық біздің соттарға сенбейді», деді жиынға қатысқандар.

Сондай-ақ жиналғандар сөз бостандығын, атап айтсақ журналистердің сот үдерістері мен атышулы істерді сырттан қысымсыз көрсете алуы мәселелерін көтерді.

Салтанат Тұрсынбекова заң сақталмаған жерде ешқашан тәртіп болмайтынын айтты. Кандидат өз бағдарламасында сот-құқықтық реформаны бірінші бағыт ретінде ерекше атап өткенін еске салды. Сонымен қатар сот төрелігінің тиімді жүйесін құру, даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы жолдарын дамыту, құқық бұзушылықтың алдын алудың заңда басымдығын қамтамасыз ету секілді ұсыныстарын жеткізді.