Білім • 02 Қараша, 2022

Колледждерде 133 мамандықтың лицензиясы жойылды

5694 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқытуы сапа стандарттарына сәйкес келмейтін, кадрлар даярлауға жағдай жасалмаған және сұраныс жоқ мамандықтардың лицензиялары алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрілігінің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Колледждерде 133 мамандықтың лицензиясы жойылды

Бірқатар колледж білім беру ұйымының бейініне сәйкес келмейтін мамандықтар бойынша лицензияларды қайтарды. Мысалы, педагогикалық колледжде заңгерлерді, ал экономикалық колледжде мұғалімдерді даярлауға лицензияның қосымшасы болған. Сондай-ақ кейбір колледждер қажетті оқу құралдарынсыз мамандар дайындап келген.

Нәтижесінде 57 қазақстандық колледж 133 мамандық пен 164 біліктілік бойынша лицензияларға қосымшаларды қайтарған.

«Оқу-ағарту министрлігі колледждердің профилі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Кадрларды даярлау үшін жағдайлар жоқ бейінді емес мамандықтардың лицензияларын қайтару ТжКБ ұйымдарына «сұранысқа ие» және бейінді мамандықтарға назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру үшін қажет. Білім алуға қажетті жағдай жасалмаған, құрал-жабдықтар, шеберханалар, мұғалімдер мен оқытушылар жоқ колледждерде мамандықтарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», деді Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.